Сенатта ҰҚШҰ бас хатшысының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға болатын түзетулер қабылданды

339

Сенат ҰҚШҰ-ның Жарғысына енгізілген өзгерістерді ратификациялады. Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Сенатта ҰҚШҰ бас хатшысының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға болатын түзетулер қабылданды Фото: РБК

Сенат депутаттары 2023 жылғы 28 желтоқсанда палатаның жалпы отырысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) биоқауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл Жарғысына өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ратификациялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжатты Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі ұсынды. Оның айтуынша, хаттамаға 2003 жылғы 1 шілдедегі ҚР Заңымен ратификацияланған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғысына енгізілетін өзгерістерді заңды ресімдеу мақсатында 2022 жылғы 26 тамызда қол қойылған.

"Хаттама Жарғының 8 және 17-баптарына толықтырулар енгізуді көздейді. Атап айтқанда, Жарғының 8-бабына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерге биологиялық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. 

Бұдан басқа, ұйымның ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2019 жылғы 28 қарашадағы "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" шешімін орындау үшін жарғының 17-бабына ұйымның сыртқы істер министрлері Кеңесінің ұсынымына сәйкес ұйымның ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша ұйымның Бас хатшысының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға мүмкіндік беретін толықтыру енгізіледі", - деп хабарлады Дархан Қыдырәлі.

Сенаттың бейінді комитетінің қорытындысында заңның қабылдануы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл аясын кеңейтуге және ұйым хатшылығының кадр мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу