Сенатта Жоғарғы есеп палатасының мүшелері тағайындалды

Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Сенатта Жоғарғы есеп палатасының мүшелері тағайындалды Фото: senate.parlam.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл қызметке Рашит Ахметовті, Нұрлан Нұржановты және Расул Рахимовты ұсынды.

"Бұл кандидаттар кәсіби қызмет барысында өздерін жауапты басшылар, қаржылық бақылау және аудит саласындағы жоғары білікті мамандар ретінде көрсетті", - деп түсіндірді Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Серікбай Трұмов.

Р.Ахметов 1959 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. 2017 жылғы маусымнан 2022 жылғы маусымға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметін атқарды.

Н.Нұржанов 1975 жылы 8 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Шолаққорған ауылында туған. 2016 жылғы 23 маусымнан қазіргі уақытқа дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды.

Р.Рахимов 1978 жылы 29 тамызда Өскемен қаласында дүниеге келген. 2021 жылғы қыркүйектен бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу