Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің Төрағасы болып Нұртөре Жүсіп сайланды

Нариман Төреғалиев жақында БҚО әкімі қызметіне тағайындалуына байланысты сенатор қызметінен босатылды.  

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің Төрағасы болып Нұртөре Жүсіп сайланды Фото: abai.kz

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің Төрағасы болып Нұртөре Жүсіп тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "Осы комитеттің Төрағалығына Нұртөре Жүсіпті ұсынып отырмыз. Ол Еңбек жолын Павлодар облысында газет редакциясында бастаған, Қазақ Ұлттық университетін бітірген,

"Жас Алаш", "Ақ жол Қазақстан", "Егемен Қазақстан", "Астана Хабары" газеттерінің бас редактор болған, қазақ журналистикасының қайраткері, 2019 жылдан бері Сенат депутаты және осы комитеттің мүшесі", - деді сенатор Динар Нөкетаева.

Нұртөре Жүсіп – Қазақ журналисті, қоғам қайраткері. "AIQYN" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газетінің бас редакторы (2008 жылдан бастап). Қазақстан Республикасы Журналистер Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016).

Ол еңбек қызметінің бірінші сатысын Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газеті агроөнеркәсіп бөлімінің журналисі болып бастады. Бұл газетте Көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді.

1990-1996 жылдары – "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің аға тілшісі, Бас редакторының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.

1996-2002 жылдары – "Жас Алаш", "Ақ жол Қазақстан", "Егемен Қазақстан", "Астана Хабары" газеттерінің бас редакторы.

2008-2019 жылдары – "AIQYN" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газетінің бас редакторы.

2019 жылғы 12 тамыздағы  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу