Сенаттың жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

3830

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз хатшысы қызметіне Данияр Рамазанов тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Сенаттың жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

"Сенатта жаңа баспасөз хатшы таныстырылды. Данияр Рамазанов – тәжірибелі журналист, "Болшақпен" бітірген, республикалық телеарналардың бет-бейнесі", - делінген Telegram-дағы сенатор көмекшісі парақшасында жарияланған ақпаратта.

Данияр Рамзанов М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған.

Ұлыбританиядағы Глазго, Кардифф университеттерінде білімін шыңдаған.

Әр жылдары "Қазақстан" РТРК" Батыс Қазақстан облыстық филиалының тілшісі, "Хабар-24" телеарнасының тілшісі, халықаралық ақпараттар бөлімінің бас редакторы, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің баспасөз хатшысы болып еңбек еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу