Сенбі күнге арналған ауа райы болжамы

2853

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады. 

Сенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болуымен тұрақсыз ауа-райы сақталады, республика бойынша жауын-шашын жауады, көбінесе қар түрінде, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында   30 м/с және одан да көп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 16-21 м/с, Жалаңашкөл ауданында 24-29 м/с күшейеді. Ақмола, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу