Сенбі күнгі ауа райы болжамы

1951

Еліміздің басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 27 шілде күні құбылмалы күн райы сақталады.

Сенбі күнгі ауа райы болжамы

Еліміз бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстанның тек оңтүстігі мен солтүстігінде сенбі жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте жекелеген аумақтарда тұман күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрып, түнде және таңертең кей жерлерді тұман басады. Күндіз жекелеген аумақтарда бұршақ жауып, жел 15-20 м/с артады.

Қарағанды, Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, күндіз Жамбылской облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады. Қызылорда облысында дауыл тұруы ықтимал.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарында, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарның кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу