Оған сәйкес, бүгін атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Жаңбыр мен қар жауады, түнде оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады.
Жоғары атмосфералық қысым әсерінен елдің орталығы мен шығысында ғана күн ашық болады, жауын жаумайды.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.
Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қар мен жаңбыр жауады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу