Сенім грамоталарын табыс етті

656

Сенім грамоталарын табыс етті

Бейрут қаласында ҚР Иорданиядағы Елшісі Азамат Бердібай Ливан Республикасының президенті Мишель Аунға Ливан Республикасындағы Елші қызметін қоса атқарушы ретінде сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлады СІМ.

Кездесу барысында отандық дипломат М.Аунға ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ілтипатын жеткізіп, Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай, сондай-ақ еліміздің ауқымды халықаралық бастамалары жөнінде хабардар етті.

Азамат Бердібай Ливан президентінің биыл 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Білім және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысуына сенім білдіріп, Қазақстан-Ливан қарым-қатынастарын нығайту және ілгерілету шараларымен таныстырды. 

Ливан президенті достық және өзара сенімге негізделген байланыстарды дамытуға бағытталған барлық бастамаларды қолдайтынын қуаттады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу