"Сенім" "Тәттіден" асып кетті

593

Павлодарда ат спортының маусымы ашылды.  

"Сенім" "Тәттіден" асып кетті

"Құлагер" ипподромында өткен ат жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам тұлпар жиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облысымен қатар, Нұр-Сұлтан, Семей, Өскемен, Қарағанды және Көкшетау қалаларының шабандоздары бәйгеде бақ сынады. Олар екі шақырымдық үшқыр бәйгеде, алты шақырымдық құнан және жорға бәйгеде, он шақырымдық топ бәйге мен он сегіз шақырымдық аламан бәйгеде өзара мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша, павлодарлық шабандоз Асланбек Байкеновтің "Сенім" атты тұлпары ұшқыр жарысқа бірінші болып келіп, бас жүлде – 1 млн теңгені қанжығасына байлады. Бәйгенің бұл түрінде тағы бір павлодарлық шабандоз – Дамир Сәдуақасовтың "Тәтті" атты тұлпары мәре сызығын екінші болып кесті.

Ал он сегіз шақырымдық аламан бәйгеде Шығыс Қазақстан облысынан келген "Айтұмар" атты сәйгүлікке тең келері болмады. Оның иесі – қатонқарағайлық Елнұр есімді шабандоз мотоцикл мінді.

Сол сияқты құнан, жорға және топ бәйгенің жеңімпаздарына да қомақты ақшалай сыйлық табысталды. Ендігі ат жарысы Павлодар қаласының туған күніне орай ұйымдастырылмақ.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу