Сенімнен айырылған басшыларды ҰҚК мен Бас прокуратура тексереді

688

Анар Жайылғанова бір саладан жанжалмен шығып қалса да, екінші салаға басшы болып алатын шенеуніктерді қызметке екінші рет кім қабылдайтынын айтты.

Сенімнен айырылған басшыларды ҰҚК мен Бас прокуратура тексереді

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік басшысы сенімнен айырылған кейбір шенеуніктердің 3 жылдан кейін қалайша жоғары қызметке оралып жатқанын түсіндірді. 

"Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 15-бабы бойынша азаматтар әкімшілік-мемлекеттік лауазымға бірінші рет немесе қайта алынар кезде арнайы тексеруден оң нәтиже алуы керек. Бізде арнайы тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті арқылы жүргізеді. Егер бұл тексеруден өтпесе, басшылық қызмекте тағайындала алмайды. Бұл біріншіден. Екіншіден, мемлекеттік қызметке тұруға шектеу қою уақытша сипатқа ие. Белгілі бір мерзім өткеннен кейін құқықтық кедергі болмайды. Бұрынғы қызметте жүріп жасаған әрекеттері орта немесе өте ауыр қылмысқа жатпаса, сыбайлас жемқорлық қлымысы болмаса, заң шынымен де 3 жылдан кейін мемлекеттік қызметке қайтып келуіне мүмкіндік береді. Ал егер сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, орташа немесе өте ауыр қылмыс өткізген болса, мемлекеттік қызметке оралуға құқығы жоқ", - деген Анар Жайылғанова заң бойынша мұндай мүмкіндік сыбайлас жемқорлықпен қуылғандарға берілмейтінін ескертті.

"Егер лауазымды тұлғаны жұмыстан қуғызған әрекеті жемқорлық қылмыс болып тіркелсе, өмір бойына қызметке орала алмайды. Тіпті мемлекеттік қызметтің беделін түсірген тәртіптік өндіріп алу жазасына тартылған болса да өмір бойы мемлекеттік қызметке келе алмайды", - деді агенттік төрағасы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу