"Сенімнен шықты": Головкин ҰОК Бас хатшысын қызметінен босатты

3216

Жанар Өтешева биыл ақпанда ҰОК бас хатшысы болып тағайындалған еді. 

"Сенімнен шықты": Головкин ҰОК Бас хатшысын қызметінен босатты Фото: olympic.kz

Қазақстан ҰОК Бас хатшысына қатысты ресми мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды. Одан бөлек, сенімінің жоғалуына байланысты Ж.Өтешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жанар Өтешева биыл ақпанда ҰОК бас хатшысы болып тағайындалған еді. Ол 2013 жылдан бері Геннадий Головкиннің PR кеңесшісі және менеджері болып қызмет атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу