Сенсация болмайды. Өзбекстандағы кезектен тыс Президент сайлауына қатысты саясаттанушылардың пікірі осындай, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Референдумнан кейін Президенттің мерзімі біздегідей 7 жылға ұзарды. Басты айырмашылық Өзбекстанда бір адам екі рет сайлануға құқылы. Сонымен бұл мүмкіндікті пайдаланғысы келетін кандидаттар кімдер?
Референдум өтті. Конституция өзгерді. Бізге белгілі сценарий бойынша биліктегі Президент мерзімін нөлге теңеп, қайта сайлау бастады. Саяси додаға 4 үміткер тіркелді. Кандидаттар тізімінде екі партия жетекшісі мен Жоғарғы Сот төрағасының экс-орынбасары бар. Ал қазіргі Президент Шавкат Мирзиеевті бірден екі саяси бірлестік үміткер ретінде ұсынды. Бірақ саясаттанушылар қазірден жеңімпазды атап отыр.
Мирзиеевтан кейін ел арасында сәл де болса танымал кандидат -Халықтық-демократиялық партия атынан ұсынылғанҰлықбек Иноятов. Оның сайлау алды бағдарламасындағы негізгі идеясы-қолжетміді баспаналарды көбейтіп, кедейлікпен күресу. Үміткерлер тізіміндегі жалғыз нәзік жанды Робахон Махмудово "отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдатамын" деп сендірді. Ал саясатта тәжірбиесі жоқтың қасы Экопартияның кандидаты электронды темекілерді сатуға тыйым салуды ұсынды. Алайда халықты климаттың өзгеруі емес бағаның өсуі ғана алаңдатып отыр.
Өзбекстандағы орташа жалақы теңгеге шаққанда 150 мыңдай. Сондықтан қарапайым халық үшін бірінші мәселе қымбатшылық. Айтпақшы, осы сайлауды өткізуге қазынадан 15 миллион доллар бөлінді.