"Сенсация". Дмитрий Бивол әйгілі "Канелоны" жеңіп кетті

909

Мексикалық Сауль "Канело" Альваресті ресейлік Дмитрий Бивол жеңіп кетті. Әлем жұрты бұл кездесудің нәтижесін "сенсация" деп бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сенсация". Дмитрий Бивол әйгілі "Канелоны" жеңіп кетті

Жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренада өтті. Басты кездесу!

Қарсыластар 12 раунд бойы күш  сынасты. Әуел баста "аутсайдер" саналған Бивол еш саспады, қатты қарсылық көрсетті және нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті бері.

Орташа салмақтағы абсолютті чемпион Альварес осылайша жеңіл салмақтағы WBA Super титулын ала алмады.

Карьерасында екінші рет жеңілді. Жалпы 57 рет жеңіске жеткен.

Ал Бивол жеңіліссіз сериясын сәтті жалғастырды. Бұл – жиырмасыншы жеңісі!

Айта кетейік, "Канело" Биволды жеңсе, Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші рет жұдырықтасады деп жоспарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу