Сербия астанасында қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

145

Бұл шамамен 1,7 миллион тұрғын қоғамдық көлікте тегін қатынайды деген сөз.

Сербия астанасында қоғамдық көлікпен жүру тегін болады Фото: admbal.ru

Сербия астанасы Белградта 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық көлікте жүру тегін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Қала мэрі Александр Шоличтің түсіндіруінше, бұл шара Белград көшелеріндені кептелістермен күресуге бағытталған. Қазір қалада автобустың билеті 90 минут ішінде жарамды және екінші қоғамдық көлікке міну құқығын береді. Билет құны 50 динарға тең.

Қалада 11 трамвай, 8 троллейбус желісі және 200-ден астам автобус желісі бар. Былтыр Сербия астанасында алғашқы метро желісінің құрылысы басталды. Балқандағы басқа ірі қалалардағыдай Белградта да көліктердің шамадан тыс көп болуынан ауаның ластануы мәселесі өзекті болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу