Сербия билігі КФОР-дан Косовоға серб әскерилерін жіберуге рұқсат сұрамақ

696

Сербия билігі бейсенбіде НАТО-ның қолдауымен жұмыс істейтін Косовоға арналған күштерден (КФОР) Косовоның кейбір аудандарына сербиялық әскерилер мен полиция қызметкерлерін жіберуге келісім сұрауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz ЭФЭ агенттігіне сілтеме жасап. 

Сербия билігі КФОР-дан Косовоға серб әскерилерін жіберуге рұқсат сұрамақ Фото: static.dw.com

"Бейсенбіде біз Үкімет отырысын өткіземіз. Ондағы басты мәселе - КФОР қолбасшысынан ресми рұқсат сұрау", - деді Сербия Президенті Александра Вучич.

Негізі Сербия билігі олардың өтініші қабылданбайтынын да алдын-ала біліп отыр.

Сербиялық тарап Косовоға шектеулі әскери контингентті кіргізу мүмкіндігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларының бірінде қарастырылғанын атап өтті. Себебі Сербия христиандық ғибадат орындарын, тұрғындарының басым көпшілігі - сербтерді, сондай-ақ шекара өткелдерін қорғау үшін мыңға жуық әскери қызметшілер мен полиция қызметкерлерін жібермек. Ал әскерилерді жіберу тек КФОР рұқсатымен ғана мүмкін.

Белград соңғы күндері Косово билігі мен Косово аумағында тұратын сербтер арасындағы шиеленістің күшеюі аясында осындай сұраныс жіберуге шешім қабылдап отыр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу