Сербия Қазақстанға миллион еуро жіберді

356

Сербия Қазақстанда су тасқынынан қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін миллион еуро (473 миллион теңгеден астам) бөлді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сербия Қазақстанға миллион еуро жіберді Фото: canva.com

Орталық коммуникациялар қызметінің сайтында "Қазақстан халқына" қорының есеп-шотына су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда үй салуға Сербия үкіметінен бір миллион еуро түскені хабарланды.

"Бұл жәрдем екі ел арасындағы ынтымақ деңгейін көрсетеді және шетелдік донорлардың біздің қызметімізге сенімі мен көмекті бөлудегі ашықтықты паш етеді", – деді "Қазақстан халқына" қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу