Сербия мен Хорватия күштік құрылым өкілдері 17 адамды қамауға алды

786

Сербия мен Хорватия күштік құрылым өкілдері 17 адамды қамауға алды

Сербия және Хорватия күштік құрылым өкілдерінің біріккен операциясы барысында 17 адам қамауға алынды, деп хабарлайды 24.kz.

Олар Ауғанстан, Иран мен Ирактан келген азаматтарды арада заңсыз тасымалдаған. Сөйтіп бұл үшін әрбір мигранттан 1,5 мың еуро алып отырса керек. Незігі өткен аптада ғана Сербия полициясы 7 адамды тұтқындаған болатын. Тергеу мәлімет бойынша, олар 3 ай ішінде 100-ден аса заңсыз босқынды тасымалдапты.

Айта кеткен жөн, Сербия "Балқан бағдарында" орналасқан. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстан бас сауғалаған мигранттар мемлекеттен Венгрияға өтіп, одан әрі Аустрия арқылы Германияға жетуді көздейді. Алайда көрші елдер шекарасын шегендеп, бақылауды күшейткеннен кейін көбісі еріксіз осында тұруға мәжбүр. Босқындар уақытша орталықтағы жағдайдың адам шошырлық екенін айтып шағымданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу