Сербия Президенті А.Вучич Қ.Тоқаевты Белградқа сапармен келуге шақырды

363

Мемлекет басшысы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Сербия Президенті А.Вучич Қ.Тоқаевты Белградқа сапармен келуге шақырды Фото: akorda.kz

Сербия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Тараптар іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделі екенін айтты.

Сонымен қатар екі ел басшылары орнықты дамуды қамтамасыз етуге, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қатысты сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екенін растай отырып, халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.

Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Белградқа сапармен келуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу