Сербия Президенті Қазақстанның көпвекторлы саясатына жоғары баға берді

89

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.     

Сербия Президенті Қазақстанның көпвекторлы саясатына жоғары баға берді Фото: akorda.kz

Сондай-ақ ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қазақ халқы жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Қазақстанның келешегі жарқын. Сербияның сіздерден үйренері көп. Сізді және Қазақстан халқын үлгі тұтатынымды айтудан еш ұялмаймын. Елдеріміз арасындағы шынайы достық келешектегі қарым-қатынасымызға негіз болады. Біз бұл байланыстарды экономика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технология, жасанды интеллект, роботты техника және білім беру секілді салаларда дамыта аламыз, – деді Александр Вучич.

Сербия Президенті қазақ және серб командалары қатысқан UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысын асқан қызығушылықпен тамашалағанын айтты.

Осы орайда ол Мемлекет басшысынан арнайы бөлімшелер қызметкерлерін даярлау ісіне қолғабыс етуді сұрады.

– Бұл бағытта Қазақстанның әлемде үздік екені сөзсіз. Мен мұны Сербия азаматтары білгенін қалаймын. Біздің құрама кейбір жарыс түрлері бойынша жақсы өнер көрсетті. Ал қазақ жігіттері мен қыздары бірде-бір сайыста сүрінген жоқ. Мен бұндайды бұрын-соңды көрген емеспін. Арнайы жасақ қызметкерлеріңіз ең жоғары деңгейден көрінді. Олар біздің сарбаздарды жаттықтырса дұрыс болар еді. Сіздерді қауіпсіздік саласындағы керемет жетістіктеріңізбен тағы да құттықтаймын, – деді Александр Вучич.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу