Сербия президенті Қазақстанның қорғаныс кәсіпорындарында болды

617

Сербия президенті Қазақстанның қорғаныс кәсіпорындарында болды

Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға сапары аясында бүгін Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің кәсіпорындарын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазақстан инжиниринг" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС бас директоры Ербол Сәлімов А. Вучич бастаған делегацияны зауыттың өндірістік мүмкіндіктерімен таныстырды, сонымен қатар оның әлеуеті туралы айтып берді.

Сербия Президенті Астанада шығарылатын брондалған "Арлан" мен "Барыс 8х8" көліктеріне қызығушылық таныта отырып, "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" зауытының жабдықталуын және өндірістік әлеуетін жоғары бағалады. 

А. Вучич бастаған делегация, сондай-ақ қорғаныс саласындағы электрондық-оптикалық құралдарды шығаратын зауытта болды. "КАЕ" ЖШС шығаратын өнімдердің ішінде инфрақызыл линзалар, тепловизорлар, тікұшақтарды жетілдіру жабдықтары сербиялық басшылықтың ерекше назарына ілікті.   Сербиялық тарап қорғаныс саласында бірқатар бағыттар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға зор мүдделлілік танытты. 

"Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС - минаға қарсы MRAP үлгісі бойынша брондалған дөңгелекті көліктерді шығаратын алғашқы Орталық Азиялық зауыт. 2016 жылы желтоқсанда зауыт "Арлан" брондалған көліктерін қазақстандық әскерге жеткізу бойынша келісімшартты толық орындап шықты. 

"КАЕ" ЖШС түнде көретін құрылғыларды, тепловизорлық көздеуіштерді, электрондық платалар мен оптикалық линзаларды шығарады.  Оның өнімдері бүгінде Қарулы Күштердің түрлі жасақтарында кеңінен қолданылуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу