Сербия Ресейге қарсы санкцияларға қосылуы мүмкін

491

Сербия Президенті Александр Вучич парламентте сөйлеген сөзінде Белградқа Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы санкциялар салуға тура келетінін айтты. 

Сербия Ресейге қарсы санкцияларға қосылуы мүмкін Фото: img1.eadaily.com

Вучичтің айтуынша, Сербия одан әрі шыдай алмайды, жан-жақтан жасалған қысым Ресейге қарсы санкцияларды қолдауға мәжбүрлейді, деп жазады inbusiness.kz.

Белград қазірдің өзінде саяси ұстанымы үшін қыспаққа алынды, сондықтан санкцияларды қолдау ақыры жалғыз дұрыс шешім болуы мүмкін.

Сербия көшбасшысы сонымен қатар Ресейдің қолдауына байланысты ел одақтастарынан айырылып жатқанын айтты, бірақ республика тәуелсіз саясатты жалғастыра береді деп уәде берді.

Еуропа Одағы Сербиядан Ресейге қарсы санкцияларға қосылуды бірнеше рет талап етті. Вучич Белградтың шектеулерге қатысты тәуелсіз саясатты сақтауға тырысатынын, бірақ ештеңе уәде ете алмайтынын атап өтті.

Егер елдің өмірлік мүдделеріне қауіп төнсе, Белград бұған барады, деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу