Сербияда бүлік кезінде 68 адам жараланды

104

Сербияда биліктің жақтастары мен қарсы тарап дүрдараз.  

Сербияда бүлік кезінде 68 адам жараланды Фото: bbc.com

Екі топ қаланың орталығында екі күннен бері тіресіп тұр, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Полицейлер жұртты тарата алмаған соң көзден жас ағызатын газ қолданды. Халықаралық агенттіктердің дерегі бойынша, бүлік кезінде 70-ке жуық адам жараланды. Олардың арасында полиция қызметкерлері де бар. 

Елдің Ішкі істер министрі көшеге шыққан шерушілерді ақылға келуге шақырды. Ал Сербия Президенті Александр Вучич биліктің қарсыластарын қылмыскерге теңеп отыр. Мәселенің басы - былтырғы дау. Өткен қараша айында Нови-Сад қаласында теміржол стансасының шатыры опырылып құлап, 16 адам көз жұмған еді. Олардың арасында балалар да болды. Бұл ел ішінде жаппай наразылық туғызды. Билік қарсыластары құрылыс кезінде жемқорлыққа жол берілді, деп санайды. Сондықтан Президенттен кезектен тыс сайлау өткізуін талап етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу