Сербияда дүниеге келген бірінші балаға 2,5 мың еуро төленеді

792

Жаңа заң 2022 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді.

Сербияда дүниеге келген бірінші балаға 2,5 мың еуро төленеді

Сербия үкіметі дүниеге келген бірінші бала үшін 2,5 мың еуро төлеу туралы заң қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.  

Жаңа заң 2022 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді. Бұған дейін 850 еуро берілген еді. Сонымен қатар жас отбасылар дайын тұрғын үй немесе салынып жатқан тұрғын үй сатып алу бойынша мемлекеттік көмек алу құқығына ие болды. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін туылған баласы бар аналарға осындай көмек көрсетіледі. Олар міндетті түрде Сербия азаматы болуы тиіс және олардың Сербия аумағында жылжымайтын мүлкі болмауы шарт. 

Жұбайы қайтыс болған жағдайда ғана баланың әкесі осы төлемдердің барлығына құқылы болады. 

Қазіргі заңға сәйкес, екінші бала үшін екі жыл бойы айына 10 мың динар (€85), үшінші бала үшін 10 жыл бойы 12 мың динар (€102), ал төртінші бала үшін 18 мың динар (€153) төленеді. Екінші, үшінші және одан кейінгі балалар үшін берілетін төлем көлемі 2022 жылдың 1 қаңтарынан кейін артады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу