Сербияда мектеп оқушысының қолынан 8 адам қаза тапты

624

Жетінші сынып оқушысы Сербия астанасы Белградтың мектептерінің бірінде атыс ұйымдастырды, деп хабарлайды B92 интернет-порталы.

Сербияда мектеп оқушысының қолынан 8 адам қаза тапты Фото: google.com

Қаза тапқандар арасында мектеп күзетшісі, мұғалім мен балалар бар, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып. 

Тағы бір балаға операция жасалып жатыр, оның басынан зақым келген. Тағы екі бала жан сақтау бөлімінде жатыр. Құрбан болғандардың саны әлі ресми расталмаған.

Атыс сәрсенбі күні таңертең болды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 8:40-та жетінші сынып оқушысы мектепке келіп, мылтықпен оқ атқан. Оны полицейлер бірден ұстаған. Қару баланың әкесіне тиесілі болуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу