Сербияда президент сайлауы басталды

723

Сербияда президент сайлауы басталды

Бүгін Сербияда президент сайлауы басталды. Дауыс берушілер кандидатты 11 үміткердің арасынан таңдайды, деп хабарлайды inform.kz ТАСС басылымына сілтеме жасап.

Дауыс беруге елдің 6,7 млн азаматы қатысуға құқылы. Республикалық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, жалпы 8 523 сайлау учаскесі, соның ішінде Косово және Метохия автономиялық өлкесінің аумағында 90 учаске жұмыс істейді.

Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде халықтың 54,3 пайызы Сербияның қазіргі премьер-министрі Александар Вучичті қолдап отыр. Екінші орында бұрынғы омбудсмен Саша Янкович тұр. Үшінші орынды Любиша Прелетачевич Белый лақап атымен кеңінен танылған әлеуметтанушы-студент Лука Максимович (9,5%) иеленген.

Сербия – парламенттік республика, бұл елдің мемлекет басшысы негізінен өкілеттік ету функцияларын атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу