Сербияда үкіметке қарсы акцияның үш қатысушысы ұсталды

773

Белградтағы ұлтшылдар митингісінен кейін ұсталғандардың арасында "Халық патрульі" экстремалды оңшыл ұйымының жетекшісі "Вагнермен" байланысы бар Дамян Кнежевич бар. 

Сербияда үкіметке қарсы акцияның үш қатысушысы ұсталды Фото: DW

Сербия полициясы Белградтағы үкіметке қарсы акцияның үш қатысушысын ұстады, деп хабарлады inbusiness.kz елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Үшеуіне де конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге және қаруды заңсыз сақтауға шақырғаны үшін айып тағылды.

ІІМ хабарламасында ұсталғандар "Ел азаматтарын Сербия Үкіметі мен Президентін күшпен құлату үшін Белградта жиналуға шақырды" делінген.

15 ақпан қарсаңында жүздеген серб ұлтшылдары мен ресейшіл белсенділер Белградтың орталығында митинг өткізіп, биліктен Косовомен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы келіссөздерден бас тартуды талап еткенін еске саламыз. 

Акцияға қатысушылар Батыстың Косово жоспарын қолдамайтындықтарын мәлімдеді және Сербия билігі бұл жоспарды қабылдаған жағдайда тәртіпсіздіктермен қорқытты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу