Сербиядағы қантөгіс: күдікті ұсталды

562

Осыдан екі күн бұрын ғана Сербия астанасында мектеп оқушысы сыныптастарын атып өлтірді, салдарынан 8 адам қаза тапты 

Сербиядағы қантөгіс: күдікті ұсталды Фото: dw.com

Полиция кем дегенде сегіз адам өліміне әкелген шабуылдан кейін қашып кеткен 21 жастағы күдіктіні ұстады, тағы 13 адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Жұма күні таңертең Дубова ауылындағы жергілікті мектептің жанында полиция қарасы көбейіп, арнайы операция жүргізілгені белгілі болды.

Сербияда бар болғаны екі күн ішінде жаппай кісі өлімі екінші рет тіркеліп отыр.

Шабуылшы ел астанасынан оңтүстікке қарай 50 шақырым (30 миль) жерде орналасқан Младеновац қаласының маңындағы адамдарға оқ жаудырды, деп хабарлады РТС Мемлекеттік хабар тарату компаниясы.

Мұндай қантөгіс легі жаппай кісі өлтіруді көрмеген Балқан халқын дүр сілкіндірді. 1990 жылдардағы соғыстардан кейін сербиялықтардың қолында қарудың қалғанына қарамастан, мұнда жаппай атыс өте сирек кездеседі. Мектепте болған атыс Сербияның тарихынды алғаш болды.

Осы аптаға дейінгі соңғы жаппай атыс 2013 жылы Сербияның орталық ауылдарының бірінде соғыс ардагері 13 адамды өлтірген кезде болды.

Сербияның ішкі істер министрі Братислав Гашич бейсенбіде атысты "террористік акт" деп атады, деп хабарлады мемлекеттік БАҚ.

Өңірге арнайы полиция бөлімшелері мен тікұшақтар, сондай-ақ жедел жәрдем көліктері жіберілді, деп толықтырды БАҚ. Алдын ала ақпарат бойынша, күдікті отбасылық жанжалдан кейін оқ жаудыра бастаған.

Басқа мәліметтер әзірге келіп түскен жоқ және полиция ешқандай мәлімдеме жасамады.

Қару-жарақ мәдениеті Сербия мен Балқан түбегінің басқа елдерінде кең таралған: мереке сайын мылтығын аспанға көтеріп, оқ жаудырған ер-жігіттерді жиі көруге болады. Сондықтан бұл аймақта жан басына шаққандағы қару саны Еуропадағы ең жоғары көрсеткішке ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу