Сергеев су қоймасына 1 млн тұқы балығының шабағы жіберілді

127

Жас балықты жіберу барысын ведомствоаралық комиссия бақылау жүргізді. 

Сергеев су қоймасына 1 млн тұқы балығының шабағы жіберілді Фото: АШМ

Солтүстік Қазақстан облысында су айдындарын балықтандыру жұмыстары басталды. Мемлекеттік тапсырыс аясында "Петропавл балық питомнигі" РМҚК-ны Сергеев су қоймасына балық жіберуді жүзеге асыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жас балықты жіберу барысына ведомствоаралық комиссия бақылау жүргізді. Оның құрамына Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар және "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Солтүстік филиалының мамандары кірді.

Балықтандырудың мақсаты – табиғи су айдындарының балық ресурстарын сақтау, көбейту және оларды тұрақты пайдалану.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу