Сергей Гайдай Украинаның Қазақстандағы елшісі болып тағайындалуы мүмкін

943

Луганск, Одесса, Хмельницкая облыстарының төрағалары өз қызметтерінен босатылады.  

Сергей Гайдай Украинаның Қазақстандағы елшісі болып тағайындалуы мүмкін Фото: sud.ua

Украина Үкіметі елдің 3 аймағының басшыларын жұмыстан шығаруға келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz Жоғарғы рададағы ҚМУ өкілі Тарас Мельничуктің Twitter-дегі жазбасына сілтеме жасап.

"Министрлер Кабинеті жұмыстан босатуға келісті:

  1. Гайдай Сергей Владимирович Луганск облыстық мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы қызметінен;
  2. Марченко Максим Михайлович Одесса облыстық мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы қызметінен;
  3. Гамалия Сергей Вячеславович Хмельницкий облыстық мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы қызметінен", - деп жазды Мельничук.

Бұл үдерістегі Министрлер Кабинетінің рөлі айтарлықтай күшті емес, өйткені президент Владимир Зеленскийдің өзі облыстық мемлекеттік әкімшіліктердің басшыларын тағайындайды не жұмыстан шығарады.

Украиналық БАҚ Сергей Гайдайды Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісі етіп тағайындауды жоспарлап отырғанын хабарлайды.

Ал, Хмельницкий облысының басшысы Сергей Гамалий мас күйінде көлік жүргізгені үшін полициямен ұсталғандықтан жұмысынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу