Сергей Климов уақытша "Ертістің" бас бапкері болып тағайындалды

657

Сергей Климов уақытша "Ертістің" бас бапкері болып тағайындалды

Сергей Климов уақытша павлодарлық клубтың бас бапкері қызметін атқарады. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жазылды, деп хабарлайды vesti.kz.

Еске салайық, павлодарлық клуб ресми сайтында команданың бас бапкері Димитар Димитровтың қызметінен кеткенін мәлімдеген еді.

Димитров "Ертіске" 2015 жылдың маусымында келген еді. 2016 жылғы маусымда павлодарлық команда ҚПЛ қола медалін жеңіп алып, "Ертіс" ФК Еуропа лигасының 2017-2018 маусымына шыққан еді. Ал биыл Димитровтың бастамасымен бірге "Ертіс" 28 матч өткізді, оның 12-сінде жеңіске жетіп, сегізінде тең ойнап, тағы сегізінде жеңіліске ұшырады. Клуб бұл қызметке уақытша Сергей Климовтің келгенін хабарлады. 57 жастағы маман – Алматы футбол мектебінің түлегі. Футболшы ретінде "Болат" (Теміртау), "Елімай" (Спартак), "Қайрат" (Алматы), "Мелирато" (Шымкент), СОПФК (Алматы), "Миньор" (Перник, Болгария), "Достық" (Алматы), "Пройзен" – 07 (Хамельн) ТуС және Целе (Германия), "Восток-Алтын" (Өскемен) клубтарының намысын қорғаған. Ал бапкер ретінде "Астана" (Астана), "Іле-Сәулет" (Алматы облысы), Қазақстан жастар құрамасы (U-21), Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-19) және "Қайрат" (Алматы) клубтарын жаттықтырған. "Ертістің" бапкерлер қосынында ол 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді, 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу