Сергей Кулагин Степняк қаласында жаңа тұрғын үй көлемін ұлғайтуды тапсырды

1032

Сергей Кулагин Степняк қаласында жаңа тұрғын үй көлемін ұлғайтуды тапсырды

Өңір әкімдігі хабарлағандай, әкім Степняк қаласындағы құны 127 млн теңгеден астам 21 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Үй 2017 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі, деп жазады strategy2050.kz.

"Соңғы 25 жыл ішінде бұл алғашқы жаңа тұрғын үй. Ауданның дамуы, ең алдымен, құрылыспен байланысты болуы тиіс. Осыған орай, тағы бірнеше көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырамын", - деді С. Кулагин аудан басшылығына.

Сондай-ақ өңір басшысы Амангелді орта мектебін ағымдағы жөндеуден кейін қарап шығып, ұстаздар ұжымымен және оқушылармен кездесті.

Әкім жергілікті әкімшілікке және мектеп басшылығына келесі жылы ғимаратта күрделі жөндеу жүргізуді тапсырды.

Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, аудан белсенділерімен кездесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу