Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 6-7 сәуірде Түркияға ресми сапармен келеді, деп жазады inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
"Украинадағы, Закавказьедегі, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка, Орталық Азия аймағындағы, Қара теңіз аймағындағы жағдай бойынша пікір алмасу жүреді", - делінген хабарламада.
Лавров пен Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлы "Украина дағдарысындағы өзекті жағдайға көзқарастарымен алмасады, қақтығысты бейбіт жолмен шешудің принциптері мен жолдарын талқылайды", - деп хабарлайды Ресей СІМ.
Сонымен қатар, Ресейлік тарап "тағы 60 күнге ұзартқан" астық мәмілесін жүзеге асырумен жолдары талқыланады. "Оның ішінде түрік серіктестерінің көмегімен украин астығын әлемдік нарыққа жеткізу мәселесі ғана емес, сонымен қатар халықаралық экономикаларға ресейлік ауыл шаруашылығы өнімдері мен тыңайтқыштарға қол жеткізуінің жағдай жасау тұсында осы уағдаластықтарды кешенді қолдануға қол жеткізуге ниеттеніп отыр", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, СІМ басшыларының назары Мәскеуде іске қосылған Сирия-Түрік қатынастарын қалыпқа келтіруге аударылады, "Астана процесінің" кепілі ретінде Иранның қатысуымен төрт жақты форматта Анкара мен Дамаскіге көмек көрсету жөніндегі қадамдар қозғалады.
Сонымен қатар, Закавказьедегі ынтымақтастықты тереңдету, оның ішінде Армения мен Түркия арасындағы қатынастарды қалпына келтіру, көлік қатынасы мен коммуникациялардың жолын ашу, аймақты жанжалдан кейінгі қалпына келтіру мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтау жоспарлануда.
Хабарламаға сәйкес, келіссөздер барысында министрлер екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды, энергетика саласындағы өзара іс-қимылды арттыру жолдарын қарауға да назар аударады. "Аққу" атом электр станциясын салу, "Түрік ағыны" газ құбырын пайдалану сияқты стратегиялық жобалар бойынша бірлескен жұмыс қозғалады.