Ресей Норманд төрттігінің басқосуын кейінге қалдырмайды. Ашхабадта өткен ТМД елдері сыртқы істер министрлерінің саммитіне қатысқан Ресейдің бас дипломаты Сергей Лавров осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.
Ол Киевтегі билік Украинаның шығысындағы мәселені шешу үшін "төрттіктің" бұрынғы шешімдерін қайта қарағысы келеді дейді. Әзірге тараптар кездесу өтетін уақытты белгілеген жоқ. Зеленский оған Кремльді кінәлап отыр.
"Бізді Норманд саммитін кейінге шегерді деп айыптау - негізсіз. Менің ойымша, украин билігі оны бұрын Ресей, Украина, Германия, Франция жетекшілері келіскен шешімдерді қайта қарау үшін өткізгісі келіп отырған сияқты. Бұл төрттіктің абыройына сын. Біз оған жол бермейміз",– деді Сергей Лавров.