Сириядағы соғыс аяқталды. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров осылай деді, деп хабарлайды Atameken Business.
Дегенмен үкімет бақылауынан тыс Идлиб және Ефрат өзенінің шығыс жағалауындағы аймақтарда әлі тыныштық орнаған жоқ. Ресей Таяу Шығыстағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін өңірге гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырады.
БҰҰ мәліметіне сүйенсек, қарулы қақтығыс болған 8 жыл ішінде 100 мыңнан аса адам жан тапсырды. Осы елдің 13 млн азаматы шекара асып, босып кетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу