Қазақстандық спортшы Сергей Морозов Таргимдегі (Ингушетия) M-1 Challenge-95 "Битва в горах-7" турнирінде жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан ММА федерациясы Youtube парақшасына сілтеме жасап.
Морозов қарсыласы украиналық Зака Фатуллазадеге ауыр соққылар беріп, бірінші раундтың аяқталуына 30 секунд қалғанда техникалық нокаутпен жеңіске жетті,
Сергей жекпе-жектен кейін сөз сөйлеп, жеңісін Денис Тенге арнайтынын айтты.
"Жеңісімді біздің мәнерлеп сырғанаушымыз Денис Тенге арнаймын, ол жақында қайтыс болды. Мен жеңісімді Тенге және бүкіл Қазақстанға арнаймын. Алға, Қазақстан!", - деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу