Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

1182

Қазақстандық спортшы Сергей Морозов (16-5) UFC турнирінде алғаш рет жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.  

Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бүгін таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC on ESPN 26  турнирінде ол Халид Тахаменға (13-3-1) қарсы кездесу өткізді. Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін спортшылардың жекпе-жегі 3 раундқа созылды. Нәтижесінде Сергей Морозов жеңіске жетті.

Әділқазы 30-27, 30-27, 30-27 есебімен қазақстандық спортшыны жеңімпаз деп тапты. Осылайша, ол UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу