Сергей Романов фристайлдан Ресей кубогінде топ жарды

582

Фристайл-могулдан басталған әлем кубогі кезеңдерінде қазақстандықтар әзірге үш медаль жеңіп алды. Юлия Галышева могул және параллельді могулдан күміс пен қола иеленсе, Дмитрий Рейхерд ерлер арасында үштікке енді. 

Сергей Романов фристайлдан Ресей кубогінде топ жарды

Красноярск аймағында өткен фристайлдан Ресей кубогінде қазақстандық Сергей Романов жеңімпаз атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Сергей Романов могулдан сынға түсіп, жалпы есебі 74.74 ұпай жинады. Екінші және үшінші орынды ресейліктер Андрей Угловский мен Михаил Алейников иеленді. 

Бұл турнир 2019 жылы Красноярскте өтетін қысқы Универсиада қарсаңындағы бәсеке екенін айта кету керек. 

"Фристайлдан Ресей кубогі кезеңінде жеңіске жеттім. Бұл жеңісім үшін өте қуаныштымын. Өйткені, қарсыластарымның барлығы да шын мықтылар. Красноярсктегі жол да жаман емес. Мұндай кластерді мен 2017 жылы Алматыда өткен Универсиада кезінде ғана көрдім", – дейді Романов. 

Еске сала кетейік, фристайл-могулдан басталған әлем кубогі кезеңдерінде қазақстандықтар әзірге үш медаль жеңіп алды. Юлия Галышева могул және параллельді могулдан күміс пен қола иеленсе, Дмитрий Рейхерд ерлер арасында үштікке енді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу