"Сергек" 400 мыңнан астам жол ережесін бұзу оқиғасын анықтады

811

Бейне-бақылау жүйесін енгізу елорда жолдарындағы ЖКО санын 2017 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

"Сергек" 400 мыңнан астам жол ережесін бұзу оқиғасын анықтады

Бейне-бақылау камераларының көмегімен өткен жылы 69 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, мыңнан астам қылмыс ашылды. 2018 жылы "Сергек" жүйесінің камералары жол қозғалысы ережесін бұзудың 424 мың оқиғасын анықтады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында жыл сайын бейне-бақылау камералары орнатылады. Бейнекамералар орнатылған жерлерде құқықбұзушылықтар санының кемігенін байқауға болады. Әкімдіктің қолдауымен қалада құқықбұзушылықтың алдын алу үшін 5 мыңнан астам камера орнатылды, оның 420-сы "Қауіпсіз аула" бағдарламасының, 4 мыңнан астамы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының аясында, ПИК және тұрғындардың өздерінің қаржысы есебінен орнатылды", – деді халыққа есеп берген Астана полициясы департаментінің бастығы Марат Қожаев.

Оның мәліметінше, 2018 жылы "Сергек" жүйесінің камералары жол қозғалысы ережесін бұзудың 424 мың оқиғасын анықтады. Бейне-бақылау жүйесін енгізу елорда жолдарындағы ЖКО санын 2017 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу