"Сергек" арқылы мопед тізгіндегендерді анықтау мүмкін емес – Игорь Лепеха

246

Мопедтерде мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ.  

"Сергек" арқылы мопед тізгіндегендерді анықтау мүмкін емес – Игорь Лепеха Фото: Гульша Рысканова, Алмаз Толеке и mk-kz.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елімізде 80 мыңнан аса мопед барын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі таңда "Сергек" және басқа да бейнебақылау камералары арқылы мопед жүргізушілерінің кім екенін анықтау мүмкін емес. Мопедте мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ. Олар осыны пайдаланып әдейі жол ережесін бұзады. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша 80 мыңнан аса мопед бар. Қазір оларды тіркеу міндетті емес. Өткен жылдың 12 айында мопедтің қатысуымен 750 көлік апаты тіркеліп, 39 адам қаза тапты, 730 адам жарақат алды", - деді Игорь Лепеха.

Осы жылдың 8 айында 962 көлік апаты тіркелді. Салдарынан 48 адам қайтыс болып, 1024 адам жарақат алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу