"Сергек" бар болғаны сегіз күннің ішінде 42 млн теңге айыппұл салды

1077

Алматыда 1 қаңтардан бастап іске қосылған 400 камера 2564 ереже бұзушылық тіркеді. 

"Сергек" бар болғаны сегіз күннің ішінде 42 млн теңге айыппұл салды

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша 1 қаңтардан бастап 400 "Сергек" камерасы ресми іске қосылған. Нәтижесінде сегіз күннің ішінде 2564 жол ережесін бұзу фактісі тіркеліп, оларға жалпы сомасы 42 010 397 млн теңге айыппұл салынған. 

"Бұл шара жолдағы қауіпсіздік деңгейін көтеру мақсатында жүзеге асырылды. Кейбір жол учаскелерінде жылдамдық сағатына он мен жиырма километр болса, тағы бірінде жиырма мен қырық километр. Осы ережелер сақталмаса әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 592 быбы бойынша айыппұлдар салынады. Бұдан бөлек жол белгілеріне байланысты ӘҚК-ның 601 бап бойынша айыппұлдар қарастырылған", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетсек, "Сергек" бағдарламалық кешені жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жол белгілерін сақтамау, көлікті тұраққа қою ережелерін бұзу және қоғамдық көлік жолағына заңсыз шығып кету сынды құқық бұзушылықтарды тіркейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу