"Сергек" камералары арқылы жүргізушілерге 346 млн теңге айыппұл салынды

489

Маңғыстау облысында былтыр 448 жол көлік оқиғасы орын алып, 108 адам қаза тапқан. Бұл алдыңғы жылдарға қарағанда екі есеге көп. 

"Сергек" камералары арқылы жүргізушілерге 346 млн теңге айыппұл салынды Фото: elitar.kz

Ал Ақтауда камера санының көбеюі оң нәтижесін көрсете бастаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қалада "Сергек" камералары орнатылғаннан кейін жүргізушілер жылдамдыққа және бағдаршамға мән беретін болған. Бұрын бағдаршамның жасыл түсі жыпылықтаған кезде жүргізушілер өтіп кетуге тырысса, қазір арақашықтықты есептейді, үлгермейтін болса, тоқтайды", - дейді Ақтау қалалық полиция басқармасының өкілдері.   

Мамандардың айтуынша, жолдағы құқықбұзушылық фактілерін анықтауда адами фактор кездеспейді, камералар мәліметтер базасымен байланыстырылған.

Айта кетейік, өңірде мыңнан аса бақылау камерасы орнатылған. "Сергек" жүйесі Алматы, Астана, Өскемен, Атырау, Шымкентте жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу