"Сергек" камералары күніне 200 заң бұзушылық тіркейді

1098

2020 жылдың 16 қаңтарына дейін жалпы сомасы 53 млн теңге айыппұл салынған. 

"Сергек" камералары күніне 200 заң бұзушылық тіркейді

Алматыдағы 400 "Сергек" камералары күніне 200 заң бұзушылық тіркейді. Бұл туралы мегаполисте "Жолдағы қабылдау" акциясы аясында өткен баспасөз мәслихатында Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев айтты. 

"2020 жылдың 16 қаңтарына дейін оңтүстік астанада жалпы сомасы 53 млн теңгеге 3200 жол ережесін бұзу фактісі тіркелген. 400 камераның 300-і жылдамдық режимін асыруды тіркейді. Сондықтан аталған факт бойынша айыппұлдар көп салынған", – деді Әкімшілік полиция басқармасының басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда 1 қаңтардан бастап 400 "Сергек" камерасы іске қосылған болатын. Бейне бақылау жүйесі бір аптаның ішінде жалпы сомасы 42 млн теңгеге 2564 жол ережесін бұзу фактісін тіркеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу