"Бұл жоба ең бірінші адамдардың қауіпсіздігі мен жолдағы апаттардың алдын алу үшін қолға алынып отыр. Қазіргі таңда көліктің жылдамдығын шектен тыс үдеткеннен қара жолда көптеген апат болады. Оның соңы қайғылы оқиғаға алып келіп жатыр. Сондықтан жолдағы қауіпсіздік үшін "Сергек" бейнекамераларын орнатпақпыз", – дейді Ұ.Әліпов.
Басқарма төрағасының мәліметінше, жолда сағатына 230-260-қа дейін жылдамдықпен жүргендер анықталған. Әсіресе, ақылы автобандарда көліктің жылдамдығын арттырғандар көп. Ал ереже бойынша ақылы жолдарда рұқсат етілген ең жоғарғы жылдамдық - 140 км/сағ.
Республикалық жолдарға "Сергек" бейнебақылау камералары келесі жылдан бастап орнатыла бастамақ.
Қымбат Нұрғали