"Сергек" камераларынан бюджетке қанша қаржы түсті

1584

Былтыр Алматы жүргізушілері жол қозғалысы ережесін 1 млн 312 мың рет бұзған. 

"Сергек" камераларынан бюджетке қанша қаржы түсті

Алматы қалалық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бір жылда "Сергек" камераларынан бюджетке қанша қаржы түскенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматының жүргізушілері жол қозғалысы ережесін 1 млн 312 мың рет бұзған.

 "2021 жылы жалпы сомасы 9 млрд 373 млн 600 мың теңгені құрайтын 1 млн 312 мың құқық бұзушылық тіркелді", – деп хабарлады басқармада.

Сондай-ақ жол полициясы Алматы жолдарында ең жиі кездесетін заң  бұзушылықтарды атады.

 "Алматы қаласында Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін бұзудың жиі кездесетін түрі ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігінде көзделген жол белгілерінде немесе жолдың жүру бөлігінде көрсетілген таңбаларды сақтамау", - деп хабарлады басқармада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу