"Сергек" камерасының көмегімен борышкерлерден 13 миллион теңге алимент өндірілді

963

Астанада 3,5 мыңнан аса "Сергек" бейнекамерасы орнатылған.

"Сергек" камерасының көмегімен борышкерлерден 13 миллион теңге алимент өндірілді

Астанада "Алимент" атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Рейд барысында "Сергек" интелектуалды бейне-қадағалау жүйесі қолданылып, шектеу қойылған автокөлік пен иелері жөніндегі мәлімет базасы пайдаланылды. "Сергек" жүйесінің техникалық интеграциясының негізінде алимент бойынша борышкерге тиесілі көліктерді дербес түрінде анықтауға қол жеткізілді.

Полиция қызметкерлері мен жеке сот орындаушылары көлік құралдарының анықталған мекенжай бойынша айыптұрағына жеткізілуін қамтамасыз етті. Ал көліктер иелеріне қарыздарының өтелуіне қарай қайтарылып отырды.

"5 күнге созылған рейд барысында 2 жыл бойы алимент төлеуден жалтарып жүрген 60-қа жуық борышкердің көлік құралдары айыптұрағына жөнелтілді. Аталған іс-шара барысында борышкерлерден 13 млн теңге алимент өндірілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Астанада 3,5 мыңнан аса "Сергек" бейнекамералары орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу