Алматыдағы ителлектуалды бейнебақылау жүйесі жол қиылысының алдындағы жолақты кесіп өту, stoр-сызығын басу, автобусқа арналған жолақпен жүру сынды ереже бұзу фактілерін тіркейді, деп хабарлайды inbusiness.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сондай-ақ, "Сергек" камералары жылдамдық режимін асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, рұқсат етілмеген жерде тоқтауды сынды жол ережесін бұзу фактілерін анықтайды", – деп хабарлады polisia.kz.
Cонымен қатар барлық бұзушылықтарды полиция өңдейді және жүргізушілерге жібермес бұрын тәртіп сақшылары ЭСҚ арқылы қол қояды.
"Әрі қарай заң бұзушылықтар туралы нұсқаулық көлік құралдарының иелеріне екі жолмен жіберіледі: СМС және пошта арқылы. Айыппұл туралы хабарламаны алғаннан кейін, құқықбұзушы жеті күн ішіндеоның жартысын төлей алады. Ал өз еркімен төленбеген жағдайда, хабарлама алынған күннен бастап 30 күн өткен соң, материал ҚР ӘҚбК-нің 894-бабына сәйкес мәжбүрлеп алуға жіберіледі. Құқық бұзушылық үшін барлық қаражат қалалық бюджетке түседі", – деді Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Нұрлан Аманбек.