"Сергектің" аккумуляторын ұрлаймын деп қолға түсті

712

Елордалық полиция қызметкерлері "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенінің батарейін ұрлап, камераны істен шығарған ұрыларды ұстады. 

"Сергектің" аккумуляторын ұрлаймын деп қолға түсті

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің әлеуметтік парақшасында хабарланғандай, белгісіз екі азамат қаланың Астрахань тас жолының бойында орнатылған камераға ұрлыққа түскен. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер А.Хамидуллаев пен Ж.Нұралыұлы күдіктілердің ізіне түсіп, көп ұзамай ұрыларды қолға түсіреді.

"Сергек" камераларының аккумуляторын ұрлау – бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Биылғы 7 тамыз бен 16 желтоқсан аралығында осындай төрт ұрлық тіркелді. Ұрылар ұрланған аккумуляторды темір қабылдайтын жерге тапсырып отырған", – дейді полиция қызметкерлері.

Ал ұрланған аккумуляторлар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу