Серік Ахметов жазасын айыппұлмен алмастыру туралы өтінішін қайтып алды

762

Серік Ахметов жазасын айыппұлмен алмастыру туралы өтінішін қайтып алды

Жемқорлық қылмысы үшін сотталған Қазақстанның бұрынғы үкімет басшысы Серік Ахметов тағы да сотқа арызданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қарағанды облыстық соты хабарлағандай, экс-премьер-министр Серік Ахметов 15 мамырда Қазыбек би аудандық сотына жазасын жеңілдету туралы өтініш берді.

Еліміздің бұрынғы үкімет басшысы соттан бостандығын шектеу туралы жазаны айыппұлмен алмастыруды сұраған екен.

"Бірақ 23 мамырда ол бұл өтінішін қайтып алуға арыз жазды. Осы арызына байланысты сотталған азаматтың өтініші сотта қаралған жоқ. 24 мамырла судья тиісті қаулы шығарды", — деп хабарлайды соттың баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жітікова. 

Өтініштің не себепті қайтып алынғаны белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу