Серік Ахметовтың жазасын жеңілдетті

1028

Серік Ахметовтың жазасын жеңілдетті

Қарағанды облысының Абай аудандық сотымен сотталушы Серік Ахметовтың бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстыру туралы талап-тілегі қанағаттандырылды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 73 бабына сәйкес (жаңа редакция)  сотталушыға жаза мерзiмiнiң үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейiн, қылмыспен келтірілген залал толық өтелген жағдайда жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

Сонымен қатар, сот қаулы шығару барысында прокурордың және қылмыстық –атқару органы әкімшілігінің пікірлерін ескерді. Бас бостандығынан айыру мекемелерінде болғанда С.Ахметов өзін үлгілі тәртібімен жақсы жағынан көрсете білді. Ол ішкі тәртіптің барлық ережелерін орындап, колонияның қоғамдық өміріне белсене қатысып, бірнеше рет марапатталған. Сондай-ақ, С.Ахметовпен мемлекетке қылмыспен келтірілген материалдық зиян өтелді.

Жоғарыдағыларды ескере келе, сот жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңiл жаза түрiмен, пробациялық бақылау белгілеумен бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруға қаулы етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу