Серік Әлигужинов дүние салды

517

"КАО" Басқарма төрағасы, кезінде ҚР Көлік және коммуникациялар министрі болған Серік Қарабатырұлы Әлигужинов қайтыс болды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Серік Әлигужинов дүние салды

Серік Қарабатырұлы 1944 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Павлодардағы 2564 автоколонна механигінен бастап ҚР Көлік және коммуникация министріне дейінгі жолдан өтті. Министрлікті жаңа Астанаға көшіру маңызды шарасына жетекшілік етті. Көлік және коммуникация саласының жүйе құраушы кәсіпорындарын құрудың бастауында тұрды.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де Серік Қарабатырұлы қоғамдық жұмыстардан шет қалмай, Қазақстан Республикасының "КАО" автокөлік одағының басшысы болды. Ерен еңбегі бағаланып, еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін КСРО Халықтарының достығы орденімен, Қазақстанның "Құрмет" және "Парасат" ордендерімен марапатталды. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Павлодар қаласының Құрметті азаматы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу